Мұз айдындындағы барлық жарыс Бейжіңде өтеді
Қазақстандық командалар Қытайға жетіп, Олимпиадалық қалашықтарға сәтті орналасты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қысқы Олимпиада ойындары үш кластерде, атап айтқанда, Бейжің, Чжанцзякоу және Яньцинь аймақтарында өтеді.
Мұз айдындындағы барлық жарыс Бейжіңде өтеді. Қытай астанасындағы Олимпиадалық қалашықта конькимен жүгіру мен шорт-тректен Қазақстан құрамалары орналасты.
Олимпиадалық картадағы ең алыс аймақ көрші Хэбэй провинциясында орналасқан таулы Чжанцзякоу болды. Онда фристайл-могул, трамплиннен шаңғымен секіру, шаңғы жарысы және шаңғы қоссайысы бойынша құрама командалар жағасты. Ал Янциньде тау шаңғысының спортшылары орналасты.