Айдын Қабдұлдинов СҚО ПД бастығы болып тағайындалды

Azattyq Rýhy

Жаңа басшыны ҚР Ішкі істер министрі мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі таныстырды

 

Айдын Қабдұлдинов СҚО ПД бастығы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Айдын Қабдұлдинов тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдарының жеке құрамына жаңа басшыны ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов таныстырды.

Айдын Тоқтарұлы Қабдұлдинов 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Ішкі істер органдарында 1994 жылдан бастап қызмет атқарады. ҚР ІІМ Алматы заң институтының түлегі. Тергеу және жедел бөліністердегі жұмыс тәжірибесі мол. 2020 жылдың ақпанынан Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары лауазымын атқарған.

Бұған дейін СҚО Полиция ведомствосын басқарған Марат Төлебаев Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.