Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабы 1-тармағы бойынша хаттама толтырылды
Қызылорда облысында полиция қызметкерінің киімін киген тазалық мекемесінің жұмысшысы жазаға тартылды. Бұл туралы Қызылорда қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында полиция қызметкерінің арнаулы киімін киіп алып, тазалық жұмыстарын атқарып жүрген жас жігіттің бейнежазбасы тараған болатын. Осыған байланысты учаскелік полицейлер іздестіру жұмыстарын жүргізді.
«Нәтижесінде 24 жастағы қала тұрғыны басқармаға жеткізілді. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабы 1-тармағы бойынша хаттама толтырылды. Онда айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру жағдайы көрсетілген», - делінген қалалық полиция басқармасының хабарламасында.