Мал іздеп шыққан Құлсары қаласының тұрғыны танысын бауыздап өлтірді

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото ашық дереккөзден

Атырау облысының тұрғыны танысын малша бауыздап тастаған. Қанды қылмыс Жылыой ауданына қарасты Қарамола қыстағында болды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Құлсары қаласының 38 жастағы тұрғыны  мал іздеп шығады. Қыстақтардың біріне барып, малшы және оның  көмекшісі  үшеуі ішімдік ішкен.  Отырыстың соңы жанжалға ұласып,  мал іздеуші 60 жастағы малшының аяқ-қолын байлап, бауыздапты. Мұнымен де қоймай, марқұмның денесін  көлігімен айдалаға апарып,  лақтырып тастаған. Күдіктіні полиция көлігі  қарға батып жатқан жерде ұстады. Тәртіп сақшыларына малшының көмекшісі хабар беріпті.

 «1983 жылы туған күдікті қылмыс болған күні Қылмыстық Процестік Кодекстің 128-бабына сәйкес Жылыой аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына ұсталып қамалды. Қазіргі таңда аталған қылмысқа қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, 3,5-тармақтарына сәйкес, тергеу амалдары басталып кетті. Қайтыс болған азамат 1961 жылы туылған, Исатай ауданының тұрғыны», - дейді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулетқызы.