Шағын қаржы ұйымынан 26 млн теңге жымқырған екі елорда тұрғыны ұсталды
Олар «Алаяқтық» бабымен айыпталып отыр
Елордалық екі тұрғын Қостанайдағы шағын қаржы ұйымынан 26 миллион теңге жымқырған.Қомақты қаражатқа қол жеткізу үшін күдіктілер әр түрлі адамның атына несие рәсімдеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алаяқтық әрекетті әуелі қаржы ұйымының ішкі қауіпсіздік қызметкерлері анықтаған. Тергеу барысында Нұр-Сұлтан қаласының қос тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Олар «Алаяқтық» бабымен айыпталып отыр. Бұл бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Былтыр желтоқсанның жиырма үші күні Қостанай қалалық нөмірі екінші сотына Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс түсті.Күдіктілерге аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған. Аталған қылмыстық іс қаралып жатыр», - деді Қостанай облыстық соты баспасөз қызметі бөлімінің жетекшісі Зәуре Едікова.