Бірнеше қызметті көрсету уақытша тоқтатылды
«Жасыл Даму» АҚ «Опепатор РОП» ЖШС қатысты тексерулерге байланысты кәдеге жарату алымдарын қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жасыл Даму» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, құзыретті органдардың «Оператор РОП» ЖШС-ға қатысты тексеру іс-шараларын жүргізуіне, сондай-ақ өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру бойынша функцияларды бұрынғы оператордан «Жасыл Даму» басқармасына беру процесінің аяқталмауына байланысты мынадай қызметтерді көрсету уақытша тоқтатылды:
«Өз тарапымыздан барлық ұйымдастырушылық және заңдық үдерістер аяқталғаннан кейін, «Жасыл Даму» АҚ серверлік бағдарламалық қамтамасыз етуге толық қолжеткізгеннен кейін барлық міндеттемелер орындалатынына сендіреміз. Мұны қазір бізге байланысты емес себептер бойынша жасау мүмкін емес», - делінген хабарламада.