Бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді
Орал қаласында автобус баланы қағып кетті. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресми мәлімет бойынша, оқиға 27 қаңтар күні сағат 19.46-да болды.
«ПАЗ» автобусының 41 жастағы жүргізушісі Ә.Молдағұлова көшесінде «Анвар» дүкені тұсында реттелетін жаяу жүргінші өткелінде тыйым салынған бағдаршамға қарамастан, жүгіріп өтпек болған 2013 жылғы баланы қағып кеткен. Бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, бала маңдайын соғып алған, амбулаторлық ем алуға жіберілді.