Петропавлдағы жылу электр орталығының 56 пайызы тозған

Автор: Azattyq Rýhy

Ал оларды жаңартуға қаржы жеткіліксіз

Фото ашық дереккөзден

Петропавлдағы жылу электр орталығының 56 пайызы тозған. Салдарынан кейінгі бір айда қондырғылар үш рет істен шықты. Сондықтан энергетиктер жылу қысымын азайтуға мәжбүр болған. Қазір кей үйлерде ауа температурасы нормадан төмен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қаладағы пәтерлер  өткен жексенбіден бері бір жылымапты. Тұрғындардың айтуыша баспанадағы температура 16 градустан аспайды.  Қала сыртында тұратындар тіпті үй суып кеткенін айтып дабыл қағып жатыр. Сөйтсе жылу орталығындағы 12 қазандықтың бірден бесеуі бұзылып қалған. Бұл соңғы жарты жылы ішінде үшінші рет қайталанып отыр. Энергетиктер соларды жөндеп бола алмай жатыр екен. Айтуыларынша 60 жыл болған ескі құрылғылар жиі істен шығады. Ал оларды жаңартуға қаржы жеткіліксіз.

 «Біздің есеп бойынша орталықтағы құрылғыларды қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін бір жылда 6 миллиард теңге жұмсауымыз қажет. Ал бізге жыл сайын бөлінетін сома 2-3 миллиард теңгенің көлемінде. Ол қаражатты біз апаттың алдын алуға емес, болған апаттың салдарымен күреске жұмсауға мәжбүрміз», - дейді «СевКазЭнерго» АҚ бас директоры Михаил Косачев.