$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмолада құтқарушылар түтінге оранған үйден 60-қа жуық адамды алып шықты

Оқиға «Центральный» шағын ауданында болды

Ақмолада құтқарушылар түтінге оранған үйден 60-қа жуық адамды алып шықты

Ақмолалық полицейлер мен құтқарушылар түтінге оранған үйден 56 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қаңтарда сағат 22:15-те полицияға «101» қызметінің диспетчерінен «Центральный» шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт шыққан пәтерде қарт әйел тұратыны белгілі болды.

Оқиға орнына дереу келген полицейлер тұрғындарды эвакуациялай бастады. Көкшетау қалалық ПБ ППБ «Әскер-5», «Әскер-8», жаяу Патруль-882 қызметкерлері, сондай-ақ № 8 полиция пунктінің учаскелік инспекторлары көппәтерлі үйден 56 адамды эвакуациялады.

Полиция қызметкерлері пәтердің әр есігін қағып, азаматтарды пәтерден кету қажеттілігі туралы хабардар етті және жұрттың көшеге шығуына көмектесті. Алаңдағы пәтерлердің бірінде мүгедек ер адамды полицейлер мен құтқарушылар арбасымен бірге алып шықты.

Сондай-ақ, жедел эвакуациялау үшін полиция қызметкерлері жас балаларды қолдарына көтеріп алып шықты. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың уақтылы әрекеттерінің нәтижесінде үйдің барлық тұрғындары, соның ішінде қарттар мен балалар эвакуацияланды.

Серіктес жаңалықтары