Бұл туралы бүгін, 27 қаңтар күні Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәліметтерге сәйкес, ол жұмыстан кету туралы өзі арыз жазған.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов берген өтінішіне сәйкес ҚР денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұран-Астана университетін тәмамдаған.