$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылады

Терроризммен күрес жөніндегі штаб Нұр-Сұлтан қаласындағы жағдайдың тұрақтанғанын хабарлайды

Елордада террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылады
Фото ашық дереккөзден

Елордада 27 қаңтардан бастап террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Терроризммен күрес жөніндегі штаб Нұр-Сұлтан қаласындағы жағдайдың тұрақтанғанын хабарлайды. Қабылданған шешімге сәйкес, қала аумағында 27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылады", - делінген хабарламада.

Штаб күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне көшкенін хабарлады. Терроризммен күрес жөніндегі штаб азаматтарға түсіністік пен азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтты.



 

 

Серіктес жаңалықтары