Алматыда үш қабатты ғимараттан өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Өртті сөндіруге 10 техника мен 50 адам жұмылдырылды

Фото ашық дереккөзден

Алматыда үш қабатты бос тұрған ғимараттан өрт шықты. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің хабарлауынша, 26 қаңтар күні кешкі сағат 19:23 кезінде «101» пультіне Төле би көшесінде орналасқан үш қабатты үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. 3 қабатты үйдің шатыры мен мансарды ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрттің жақын маңдағы ғимаратқа өршу қауіпі туындады. Өрт орнында оңтүстік және солтүстік жағынан 2 өрт сөндіру бөлімі құрылды: Өрт оқпандары енгізіліп, 50 метр қашықтықтағы өрт сөндіру гидранттарына автоцистерналар орнатылды, осылайша үздіксіз сумен қамтамасыз етілді. Өрт сағат 21:05- толық сөндірілді», - деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Өртті сөндіруге 10 техника мен 50 адам жұмылдырылды.