Елордада балабақшада баланы ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденді

Фото ашық дереккөзден

Елордада балабақшада баланы ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алан» балабақшасында баланы ұрып-соғу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы «білім беру мекемесі қызметкерінің кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденді. Биылғы жылдың 25 қаңтарында қылмыстық іс аяқталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді»,– деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мұратжан Шакеров.

Айта кетейік, бұған дейін елордадағы балабақшалардың бірінде екі жасар қызын балабақшада ұрып-соқты деген ананың жанайқайы әлеуметтік желілерде тарағанын жазған болатынбыз.