Бизнес субъектілер үшін қандай шектеулер енгізіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Сауда желілерінің қызметіне шектеу қойылмайды

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының 21 қаңтардағы тапсырмаларын іске асыру мақсатында ведомствоаралық комиссияда бизнес субъектілері үшін шектеулерді төмендету тәсілдері қаралды және мақұлданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеме жасады.

«Бизнес объектілерінде «Ashyq» жобасын одан әрі енгізу жалғастырылады. Жасыл және көк статусы бар келушілерді кіргізетін барлық аймақта, барлық объектілерде жұмыс уақыты бойынша шектеулер алынып тасталады. Эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан, «Ashyq» тек жасыл статусын пайдалану кезінде салтанатты, еске алу, спорт іс-шаралары, көрмелер, форумдар шектеулерсіз өткізіледі, спорт кешендерінің, сауықтыру және діни нысандардың, ойын-сауық нысандарының, сауда-ойын сауық орталықтарының, сауда желілерінің қызметіне шектеу қойылмайды», − дейді министр.