Бала суға батып кеткен
Атырауда жоғалып кеткен тоғыз жасар баланың денесі табылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бала суға батып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Денесі 19:00 шамасында каналдан табылды. Оны тәулік бойына 100-ге жуық адам іздеді», - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Бұған дейін Атырауда 9 жасар баланың жоғалып кеткенін және оны іздеуге полициядан бөлек төтеншеліктер, еріктілер мен мектеп мұғалімдері қатысқанын жазған болатынбыз.