Хабарлама «Ақорда» сайтында жарияланды
Мемлекет басшысының өкімімен Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Ақорданың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымынан босатылды», - делінген «Ақорда» хабарламасында.