Павлодарда 35 жастағы ер адам аяздан үсіп өлді
Полицияға арыз 22 қаңтар күні түскен
Павлодарда 35 жастағы Роман Малахов қатты аязда үсіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«22 қаңтар күні түнде полицияға Павлодар қаласының тұрғыны 35 жастағы ұлының қайда жүргенін анықтау туралы өтінішпен жүгінді. Ол 22 қаңтарда сағат 10.00-де үйінен кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер бірлесіп, көшелер мен кіреберістерді, құдықтар мен қараусыз қалған үйлерді, сауда орталықтары мен құрылысы аяқталмаған ғимараттарды тексерді. Іздеу шаралары бір тәулік бойы жалғасты.
23 қаңтар күні сағат 16.00-де Ертіс өзенінің жағасында сыртқы зорлық белгілері жоқ ер адамның денесі табылды. Аталмыш фактіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Еске сала кетейік, «Vita» ҚБ еріктілері ер адамның өлі күйінде табылғаны туралы хабарлаған болатын.