Шымкентте салынып жатқан ғимарат төбесі құлап, бір адам мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Төтенше жағдайдан басқа ешкім зардап шеккен жоқ

Фото ашық дереккөзден

Шымкентте жаңадан салынып жатқан сауда үйінің төбесі опырылып, бір азамат қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

 Жедел құтқару жасағының қызметкерлері үйінді астынан жалдамалы жұмысшының денесін алып шыққан. Ол 1985 жылы дүниеге келген Түркістан облысының тумасы екені анықталды. Салынып жатқан нысанның бетон плиталары опырылған. Төтенше жағдайдан басқа ешкім зардап шеккен жоқ.

«Оқиға орнында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының тумасы 1985 жылы туған азамат бетон плиталарының астында қалған. Оның денесін құтқару инструменттерін қолданып, Шымкент қаласы ТЖД жедел құтқару жасағы алып шықты. 112 құтқару қызметіне өтіп бара жатқан жолаушыдан бұрынғы көкөніс базасының аумағында құлау туралы ақпарат келіп түсті», - дейді ТЖД жедел құтқару жасағының жетекшісі Орынбасар Тұртбаев.