Алматыда есірткі зертханасын ұйымдастырған әйел ұсталды – ҰҚК

Автор: Azattyq Rýhy

Азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото ашық дереккөзден

Алматыда есірткі зертханасын ұйымдастырған әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"20 қаңтарда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырушы "М" деген азаматшаны ұстап, УҰИ-ға қамады", - делінген хабарламада.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 2 келі "мефедрон" психотроптық заты, прекурсорлардың ірі партиясы, зертханалық жабдық пен химиялық қорғау құралдары алынды.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.