Ресейді барлық халықаралық ұйымдардан шығару керек – АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы бұрынғы елшісі

Автор: Azattyq Rýhy

Гилмор егер бұл шаралар қабылданбаса, Вашингтон ЕҚЫҰ-ны қаржыландыруды тоқтатуы керек деп санайды

Фото ашық дереккөзден

АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы бұрынғы елшісі Джеймс Гилмор Украинамен орын алып жатқан жағдайға байланысты Ресей мен "оның Беларуссиядағы спутнигін" ұйымнан шығаруға шақырды. Бұл туралы ол  Foreign Policy басылымында жазды.

Гилмор егер бұл шаралар қабылданбаса, Вашингтон ЕҚЫҰ-ны қаржыландыруды тоқтатуы керек деп санайды.

"Ресейді ЕҚЫҰ-дан бастап барлық халықаралық ұйымдардан шығару жөнінде шаралар қабылдаған жөн. ЕҚЫҰ Хельсинки келісімдерінің қағидаларын қолдайды, олардың ішінде бірде-бір ел танылған шекаралар арқылы екіншісіне шабуыл жасамайды", - делінген мақалада.

Бұған дейін АҚШ билігі Ресейді Украина үкіметін құлатуға тырысқаны үшін айыптаған болатын. Елдің мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің айтуынша, Ресейде Украинаның әскери, әкімшілік және дипломатиялық құралдарын тұрақсыздандыру жоспарлары бар. Бұл туралы ол Женевадағы Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровпен кездесу нәтижелері бойынша баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Тегтер: