Елордада екі жасар бала балабақшада соққыға жығылған

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде

Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде балабақшада соққыға жығылған екі жасар баланың суреттері тарауда. Оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 қаңтарда анасы баланы балабақшадан алып кетіп, үйге келген соң шешіндіргенде денесінен көп көгерген орын тапқан. Әйел бірден полицияға арызданды.

 «Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта бұл іс Нұр-Сұлтан қалалық ПД басшылығының жеке бақылауында.