Алматы комендатурасы азаматтарды өз еркімен қару тапсыруға шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Қару мен оқ-дәрі тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады

Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласының комендатурасы өз еркімен қару тапсырған азаматтардың қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалада қару қабылдау науқаны басталғанын мәлімдеген Полиция департаменті заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды жақын жердегі полиция басқармасына өз еркімен тапсыруға мүмкіндік берілетінін, сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 287 бабына сәйкес, қару мен оқ-дәрі тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын атап өтті.

«Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат білетін болсаңыз, «102» пультіне хабарласуыңызды сұраймыз, анонимділікке кепілдік беріледі.

Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен бермеген азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», - делінген хабарламада. 

Сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-747-333-91-60; 8-777-346-44-77.