Президент өкімімен қызметінен кетті
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбішев қызметінен босатылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.