Алматы облысында автоХҚО-лардың жұмысы жанданды

Автор: Azattyq Rýhy

Бір ғана облыстағы мамандандырылған орталық әлі жабық

Фото ашық дереккөзден

2022 жылдың 17 қаңтарында Алматы облысының автохҚО-лары өз жұмысын қайта бастады. Жұмыс уақыты дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі - демалыс күндері. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қаңтар айының басында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазақстандағы барлық автоХҚО-ның жұмысы уақытша тоқтатылды.

12 қаңтарда Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарын қоспағанда, еліміздің өзге өңірлерінде мамандандырылған орталықтар өз жұмысын қайта бастаған болатын.

«Алматы қаласында автоХҚО 14 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта мамандандырылған ХҚО-лар тек Жамбыл облысында ғана жабық.

Сондай-ақ, қазір көлікті қайта рәсімдеу онлайн режимде Kaspi.kz және Homebank мобильді қосымшалары арқылы да қолжетімді. Мемлекеттік қызметтер бойынша қажетті ақпаратты 1414 нөмірі, Instagram және Facebook-тегі @gov4c.kz ресми парақшаларынан алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, ХҚО-ларға кіру Ashyq қосымшасы бойынша қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар азаматтарға рұқсат етіледі. Бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұмытпаңыздар», - делінген хабарламада.