Азия чемпионаты биыл ақпан айында өтуі тиіс болған
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Нұр-Сұлтанда өтетін жабық ғимараттағы Азия чемпионатының кейінге шегерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Оlympic.kz.
«Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап, «омикрон» штамының өршуіне байланысты Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы жабық ғимараттағы Азия біріншілігінің 2023 жылға шегерілгенін мәлімдейді», - делінген хабарламада.
Айта кетелік, Азия чемпионаты биылғы жылдың ақпанында Нұр-Сұлтанда өтуі тиіс болған.