Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 7 науқас көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда COVID-19 вирусын жұқтырған 253 адам ауыр жағдайда жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 16 қаңтарындағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 5 адам қайтыс болды.

16 қаңтардағы мәлімет бойынша, 67 700 адам коронавирус инфекциясынан (–66 048+ және 1 652 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 186 пациент стационарда, 61 514 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 253 адамның жағдайы ауыр,

- 78 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 14 қаңтардағы мәлімет бойынша 85 жаңа жағдай тіркелді, 111 адам жазылып шыққан, 2 өлім жағдайы тіркелді.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

- науқастар саны – 84 690; 

- өлім жағдайы – 5 235;

- барлығы 77 803 адам сауығып шықты.