Қақтығыстар кезінде мәйтханаларға 225 адамның денесі жеткен

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Олардың арасында құқық қорғау органдарының 19 қызметкері бар

Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы ОКҚ-дағы брифинг кезінде Бас прокуратураның қылмыстық құдалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шалабаевтың айтуынша, олардың бір бөлігі қақтығысқа қатысқан террористер мен қылмыскерлер. 

«Мәйітханаларға 225 адамның денесі жеткізілген, олардың бір бөлігі террористер мен қақтығысқа қатысқан қылмыскерлер. Олардың арасында құқық қорғау органдарының 19 қызметкері бар», – деді Шалабаев шұғыл брифингте.