$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек – Берік Уәли

Мемлекет басшысы Бас прокуратураға «Қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысып, әртүрлі құқық бұзушылық бойынша ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырған болатын

Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек – Берік Уәли
Фото ашық дереккөзден

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының Бас прокуратураға берген тапсырмасы туралы желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Берік Уәлидің пікірінше, бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек.

«Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға «Қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысып, әртүрлі құқық бұзушылық бойынша ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырды. Президент олардың ауыр қылмысы болмаса, жазаны жеңілдету шараларын қабылдауға болады деп санайды. Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек. Мемлекет басшысының түбегейлі ұстанымы бейбіт жиналыстар мен митингілер заңға сәйкес өтуі керек. Заңда мұндай жиындардың ескерту арқылы ғана өткізілетіні қарастырылған. Митингілер мен жиналыстарды енді қалалардың орталық аудандарында өткізуге болады. Бұл – еліміздегі демократияны ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам», - деп жазды Берік Уәли.


 

 

Серіктес жаңалықтары