Тараз қаласындағы бүлік кезінде Ресей азаматының қайтыс болғаны анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ресей елшілігі осы қылмысты мұқият тергеу туралы сұрау жіберді

Фото ашық дереккөзден

Тараз қаласында 6 қаңтарда болған бүлік кезінде қарақшылар қолынан Ресей азаматы қайтыс болған. Бұл туралы Қазақстандағы Ресей елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығына Ресей азаматы, үш баланың анасы, 1995 жылы туған М.В. Кимнің қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түскен. Шабуыл М.В. Ким жұмыс орнынан кетіп бара жатқанда жасалған.

"Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы марқұмның анасымен, туыстарымен, жақындарымен байланысқа шықты. Облыс басшылығына жағдайды бақылауға алу және марқұмның отбасына көмек көрсету туралы өтініш жолданды. Бас консулдық М.В. Кимнің отбасына материалдық көмек көрсету мәселесін пысықтап жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына осы қылмысты мұқият әрі жан-жақты тергеу туралы сұрау жібергені айтылды.

"Қылмыскерлердің жеке тұлғалары анықталады деп үміттенеміз. Заң бойынша жазаланады деп сенеміз", - делінген хабарламада.

Қазақстандағы Ресей елшілігі марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтып, оларға осы қиын уақытта күш-жігер тілеп, сабырға шақырды.