Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Батыс Қазақстан облысында жол апаты орын алып, бес адам қаза тапты. Бұл туралы «Мой город» басылымы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Басылымның мәліметінше, Орал-Атырау тасжолында "КамАЗ" бен Toyota Camry көлігі соқтығысқан.
"Көліктер соқтығысқаннан кейін өрт шыққан. Жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 345-бабы "Жол қозғалысы ережісін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды", - деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, жеңіл автокөлік толық жанып кеткен.
Қаза болғандардың жеке басы әлі анықталған жоқ.
Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.