Алматыда бүлік кезінде қайтыс болған төрт жасар бүлдіршіннің отбасына пәтер беріледі

Автор: Azattyq Rýhy

Б.Сағынтаев бүлдіршіннің ата-анасына көңіл айтты

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған 4 жасар Айкөркем Мелдеханның отбасына барып, көңіл айтты. Бұл туралы Azattyq Rýhy қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімі қайтыс болған бүлдіршіннің әкесі Айдос Мелдіханұлы мен анасы Динара Адамоваға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтты.

«Қайғылы жағдайға байланысты тәртіпсіздік барысында 4 жасар Айкөркем көз жұмды, ал оның 15 жастағы әпкесі Жәнел жарақат алып, реанимацияда жатыр.

Б. Сағынтаев Жанельдің сауығып кетуін, ата-анасына сабырлылық пен шыдамдылық тіледі. Отбасына материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, оларға 3 бөлмелі пәтер беріледі», - делінген әкімдік хабарламасында.