Алматыға карантиндік шектеу шаралары енгізілді

Автор: Azattyq Rýhy

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа карантиндік талаптар туралы айтты

Фото ашық дереккөзден

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова карантиндік шектеулерді қатаң сақтауға шақыратын 2022 жылғы 13 қаңтардағы №1 қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құжатта Алматының эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының «қызыл» аймағында орналасқандығы көрсетілген. Осыған байланысты тұрғындар келесі талаптарды қатаң сақтауы керек:

  1. Ashyq жобасына 30 адамға дейін қатысатын объектілерде еске алу рәсімдерін жүргізуді қоспағанда, ашық ауада да, үй ішінде де, отбасылық, еске алу іс-шараларын қоса алғанда, оның ішінде үйде өткізілетін бұқаралық іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға тыйым салу;
  2. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көлікке және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылданған кезде) – бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану;
  3. ПТР-зерттеудің оң нәтижесін алған кезде («қызыл мәртебе») және COVID-19 науқаспен жақын байланыста болған кезде («сары мәртебе») (жақын байланыс) және COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болмаған кезде – 14 күн ішінде өзін-өзі оқшаулау режимі.
  4. Сонымен қатар, спорттық-сауықтыру орталықтарына, фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға, моншаларға, сауналарға, бассейндерге кіруге 2022 жылғы 15 қаңтардан бастап Ashyq «жасыл» мәртебесі бар адамдарға ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ, Ashyq жобасына 30 адамға дейін қатысатын объектілерде еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, ашық ауада да, үй ішінде де, отбасылық, еске алу іс-шараларын қоса алғанда, оның ішінде үйде де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

 Ashyq жобасына қатысуына қарамастан тыйым салу:

  • концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, филармониялардың қызметіне;
  • діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс-шаралар (жұма-намаз, діни жоралар және т.б.) өткізуге;
  • конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;
  • түнгі клубтардың қызметіне;
  • қоғамдық тамақтану объектілерінде орналасқан барлардың қызмет көрсетуіне, ән айту және би қызметтерін ұсына отырып, караоке қызметіне (қоғамдық тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда);
  • жеке кездесулер өткізуге (10 екпе алған адамға дейін).
  • Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қысқарту туралы қаулы қабылдады:
  • қоғамдық тамақтану объектілерінде бір үстелге келушілер саны 4 адамға дейін (әртүрлі үй шаруашылықтарынан);
  • қызыл аймақтағы кинотеатрлардың (Ashyq жобасына қатысушылардың) толымдылығы – 30%-дан аспайды.

«Тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерін қоспағанда, қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды және ревакцинациялауды жүргізуге қарамастан, мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, кәсіпорындар персоналының кемінде 70%-ы қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылсын.

Меншік нысанына қарамастан мектептерде оқыту қашықтық форматта болады. Барлық курстардың студенттері үшін жоғары оқу орындары мен колледждердің жұмысын аралас оқыту форматында ұйымдастыру: барлық дәрістер – онлайн, практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар – ыңғайлы кесте бойынша штаттық форматта. Вакцинацияның толық курсын аяқтаған вакцинацияланған студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға жол беріледі.

Қосымша білім беру ұйымдарында жеке сабақтар шеңберінде оқыту – тұрақты режимде, топтық сабақтарда – 10 адамға дейін, балалар мен ересектерге арналған түзету орталықтарында, жеке және топтық сабақтарда – тұрақты режимде – 10 адамға дейін», - делінген Қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі. Қаулы 14 қаңтардан бастап күшіне енеді.