Бұрынғы Әділет министрі Премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Әділет министрі лауазымын 2016 жылдан бастап атқарды

Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Марат Бақытжанұлы Бекетаев ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Марат Бекетаев 2016 жылдан бастап Әділет министрі лауазымын атқарды. Сондай-ақ әр түрлі уақытта Сыртқы істер министрлігінде, мемлекеттік қызмет істері агенттігінде және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.