Бұған дейін оның қызмет орнында екені айтылған болатын
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш қазір еңбек демалысында. Бұл туралы Комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде С.Әбішке қатысты алып-қашпа әңгімелер тараған болатын. Анонимді Telegram-каналдарда оның қызметтен кеткені, тіпті тергеліп жатқаны да жазылған болатын. Алайда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл айтылғанның бәрін жоққа шығарумен келеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 5 қаңтар күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Мұрат Нұртілеу тағайындалған болатын. Самат Әбіш те дәл осы лауазымды атқарып келеді.