Күлжамиля Ахмедьянова 1912 жылы 1 қаңтарда Ертіс ауданы, Голубовка ауылында дүниеге келген
Павлодарлық 110 жастағы кейуанаға жаңа жеке куәлік табысталды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК облыстық филиалы мәлім етті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Құжаттары бойынша Күлжамиля Ахмедьянова 1912 жылы 1 қаңтарда Ертіс ауданы, Голубовка ауылында дүниеге келген.
Азаматтарға арналған үкімет қызметкерлері әжейді құттықтап, жаңа жеке куәлігін табыс етті.
«ҰОС ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар (1,2,3-топ мүгедектері), мүгедектігі бар балалар ХҚО-ға бармай-ақ, мемлекеттік қызметтерді үйде ала алатынын еске саламыз. Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін шақыру үшін азаматтар 1414-ке өтініш қалдыруы қажет, содан кейін оларға 7 жұмыс күні ішінде ХҚО мамандары үйлеріне барып қызмет көрсететін болады», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ПОФ баспасөз хатшысы Мейрамгүл Әбдірахманова.
Өткен жылы мемлекеттік корпорацияның филиалы Ертіс өңірінің тұрғындарына 2 777 рет үйлеріне барып 3035 қызмет көрсеткен.