Қала әкімі қазіргі уақытта Алматыны қайта қалпына келтіру мәселелерімен айналысуда
Әлеуметтік желіде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат тарады. Алайда қала әкімдігі бұл деректі жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Әлеуметтік желілердегі Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуі туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, Бақытжан Сағынтаев жұмыс орнында өз міндеттерін атқарып, Алматының тыныс-тіршілігін тезірек қалпына келтіру мәселелерін шешіп жатыр.