$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада террористік қауіптіліктің «қызғылт сары» деңгейі белгіленді

Бұл деңгей 14 тәулік бойы сақталады

Елордада террористік қауіптіліктің «қызғылт сары» деңгейі белгіленді
Фото ашық дереккөзден

Елордалық лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі жедел штаб 14 тәулікке террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленгенін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан Республикасы Президентінің "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпаратты мониторингілеу және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығының талаптарына сәйкес, елордалық лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі жедел штаб басшысының шешімімен Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 2022 жылғы 13 қаңтардан бастап 14 тәулік мерзімге террористік қауіптіліктің жоғары "қызғылт сары" деңгейі белгіленді», - делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарын ұстануды сұраймыз.

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары