Мұндай шешім «Темір жол көлігі туралы» ҚР Заңы аясында, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының үндеуін ескере отырып қабылданған
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қазақстанның барлық өңірлерінде төтенше жағдай кезеңінде жүк тасымалдаумен байланысты айыппұлдарды, алымдарды және төлемдерді алып тастады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Компания мұндай шешімнің «Темір жол көлігі туралы» ҚР Заңы аясында, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының үндеуін ескере отырып қабылданғанын айтады.
Атап айтқанда:
Бұдан басқа, форс-мажорлық жағдайларға байланысты жүк алушыларға жүктің межелі станцияға келгені туралы хабарланған сәттен бастап 48 сағаттан артық тұрып қалған жүктерді сақтағаны үшін алым 10 еселік емес, бір еселік мөлшерде алынады.