Ол бұл қызметті 2020 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келеді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Қалдыбайұлы Қазанбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ержан Қазанбаев 1983 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы технологиялық университетін, Абердин университетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Экспресс Банк» АҚ-да комплаенс-бақылаушы болып бастаған. Сондай-ақ коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2010 жылдан бастап 2019 жылға дейін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау және Ұлттық экономика министрліктерінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.
2020 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып жұмыс істеді.