Мәжілістен заң жобасын кері қайтару туралы қаулы қабылданды
ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен Қазақстан Республикасы Заңының жобасын кері қайтарып алу туралы» №3 Қаулыны қабылдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
2022 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметінің басым салалардағы жобаларды дамытуға арналған ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алу туралы» №3 Қаулыны қабылдады.