Ол бұрынғы лауазымынан босатылды
Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақорданың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 13 қаңтар
№ 766