38 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 486 оқ-дәрі тәркіленді
Алматы қаласында Бостандық және Түрксіб аудандары қылмыскерлерден толық тазартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бостандық және Түрксіб аудандарының аумағы қылмыскерлерден тазартылды. Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 мың 625 қатысушысы ұсталды. 38 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 486 оқ-дәрі тәркіленді.
Өткен тәуілікте «102» пультіне небәрі 961 хабарлама келіп түсті.
Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 215 дабыл қабылданды», - делінген Алматы қаласы комендатурасының ақпарат орталығы таратқан хабарламада.
Барлық хабарлама дер кезінде өңделді.