Алматының бас санитарлық дәрігері тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл лауазымға Қарлығаш Әбдіжаббарова лайық деп танылды

Фото ашық дереккөзден

Алматының бас санитарлық дәрігері болып Қарлығаш Әбдіжаббарова тағайындалды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бұйрығымен 2022 жылдың 12 қаңтарынан бастап департамент басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаббарова жаңадан Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері айқындалғанға дейін Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып тағайындалды», - делінген хабарламада.