Бүгінге дейін 366 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Шымкентте полицияға 3,5 мың адам жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға 3 520 адам жеткізілді. Бүгінге дейін 366 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 271-і қамауға алынып, 40-на айыппұл салынды және 55 азаматқа ескерту берілді.
Қала шекараларында орнатылған блок-постарда 14 мыңнан астам автокөлік тексеріліп, тоғыз адам ұсталды. Көліктерді қарау кезінде екі газ тапаншасы тәркіленді.