Алматының бас санитар дәрігері міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұл лауазымды 5 қаңтардан бері атқарып жүр

Фото ашық дереккөзден

Алматының бас санитар дәрігері міндетін уақытша атқарушы болып Сәдуақас Байғабұлов тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ақпаратты Сәдуақас Байғабұловтың өзі де растады.

«5 қаңтардан бастап мен Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін уақытша атқарып жүрмін», - деді Сәдуақас Байғабұлов.

Ал Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарған Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты қызметінен кеткен болатын.