Дариға Назарбаеваның Мәжіліс отырысына не себепті қатыспағаны белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады

Фото ашық дереккөзден

Дариға Назарбаева науқастануына байланысты Мәжіліс отырыстарына қатысқан жоқ. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мәжіліс отырысына денсаулығына байланысты Дариға Назарбаева ғана емес 20-ға жуық депутат қатысқан жоқ», - дейді Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Науқастануына байланысты қай депутаттар Мәжіліс отырысына қатыспағанын анықтау мүмкін болмады.