Рейд кезінде 34 қару мен 43 патрон тәркіленді
Жамбыл облысы бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 288 адам қамауға алынған. 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 114 тұрғынға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабының 1-бөлігінің 10-тармағы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот санкциясы бойынша 108 адам әкімшілік қамауға алынды.
Рейд кезінде 34 қару мен 43 патрон тәркіленді. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.