Елімізде бүліктің салдарынан бизнеске 103 млрд теңгеден астам шығын келді

Автор: Azattyq Rýhy

Елдің 11 өңірінде 1885 нысанда орналасқан 1615 бизнес зардап шекті

Фото: Facebook/Антон Гордеев

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске келтірілген шығынға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Байланыс орталығына 4 833  қоңырау түсті.

Оның ішінде:

  • Мародерлық мәселелері бойынша – 1988;
  • форс-мажор – 246;
  • блок-бекеттер – 2;
  • зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 17;
  • бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 271;
  • жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1946.

Елдің 11 өңірінде  1885 нысанда орналасқан 1615 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1771 нысанда орналасқан 1506 субъект.

  • Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1482;
  • қоғамдық тамақтану – 44;
  • қаржы секторы – 61;
  • логистика – 23;
  • БАҚ – 5.

Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 102,2 млрд теңге).

Аймақтар:

  1. Алматы қаласы;
  2. Алматы облысы;
  3. Шымкент қаласы;
  4. Жамбыл облысы;
  5. ШҚО;
  6. Қызылорда облысы;
  7. Атырау облысы;
  8. Қарағанды облысы;
  9. Павлодар облысы;
  10. Маңғыстау облысы (қосылған аймақ);
  11. Ақтөбе облысы (қосылған аймақ).