Қостанайлық полицейлер автокөлік жүргізушісінен тапанша тәркіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Жүргізуші төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін 12 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Фото ашық дереккөзден

Қостанайлық полицейлер автокөлік жүргізушісінен тапанша тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қаңтарда Қостанай-Рудный автожолының блок-бекетінде Ресей Федерациясы ​ азаматының басқаруымен ресейлік есептегі Lada автокөлігі ұсталды, тексеру барысында одан нөмірі жоқ пневматикалық тапанша табылып, тәркіленді. Сараптама тағайындалды. Жүргізуші төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін 12 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Ал 7 қаңтарда Сарыкөл ауданындағы блок бекетінде 1991 және 2001 жылы туған екі жүргізушінің басқаруымен Toyota Land Cruiser және Toyota Camry екі автокөлігі тоқтатылды, олар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, түнгі уақытта облыс орталығына қарай қозғалуды жалғастырған. Полиция автокөліктерді Сарыкөл ауылының маңында ұстады. Әр көлікте бір жолаушыдан болған. Қазіргі уақытта барлығы төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды

Айта кетейік, төтенше жағдайлар кезінде өңірдегі блок бекеттерде 12 164 автокөлік, соның ішінде бір тәулікте 2 563 автокөлік тексерілді.