Ақмола полициясына терроризм актісі туралы екі жалған хабарлама келіп түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Жалған хабарлама таратқаны үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған

Фото ашық дереккөзден

Ақмола полициясына терроризм актісі туралы екі жалған хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

 8 қаңтарда сағат 14:52-де Көкшетау қалалық Полиция басқармасының ЖБО Көкшетау қаласының 30 жастағы тұрғынынан оған бір ер адамның келіп, сауда үйлерінің бірінің ғимаратына бомба қойылғанын хабарлағаны туралы телефон қоңырауы келіп түсті.

 Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы 1-бөлігі (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері жарылғыш заттың салынғаны туралы жалған хабарлама жасағаны үшін облыс орталығының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ,бұл азаматтың алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі белгіленген. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері жарылғыш зат таппады.

9 қаңтарда сағат 21.25-те Көкшетау қалалық ПБ ЖБО-ға 102 нөміріне Көкшетау қаласының тұрғынынан оның пәтерінде жарылғыш зат бар екендігі туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Аталған факті ҚР ҚК 273-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жарылғыш зат туралы хабарламаны полицияға хабарлаған тұрғынның өзі ойдан шығарғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, азаматшада алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі анықталды. Іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері жарылғыш зат таппады.

Естеріңізге сала кетейік, адамдардың қаза табуы, елеулі мүліктік залал келтіру не өзге де қоғамға қауіпті салдарлардың туындау қаупін туғызатын дайындалып жатқан жарылыс, өрт қою немесе өзге де әрекеттер туралы көрінеу жалған хабарлама бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.